Әртүрлі

Алдағы күндерде елімізде аптап ыстық болады

Синоптиктер елімізде 25-27 маусым аралығында 46 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш күнде Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келеді.

25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап республиканың солтүстігіне жетеді.

«Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35...+38 градусқа дейін, оңтүстігінде ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі», – делінген хабарламада.

-->