Алдағы үш күнге ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіліп отыр.
«Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтіліп отыр. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды», - деп жазылған хабарламада.