Алдағы үш күнде елде қолайсыз ауа райы болады
Синоптиктер 21-23 желтоқсан күндері республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен түнде қалың қар, күндіз жауын-шашын болатындығын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info
23 желтоқсанда Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі ықтимал.
Сонымен қатар алдағы тәуліктерде республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, тұман болып, жел 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Мамандардың болжамынша, дегенмен ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды», - деп жазды «Казгидромет»