Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі болғандай, Қазақстанда жаңбыр жауады; тұман түсіп, жел күшейеді.
-->«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі болғандай, Қазақстанда жаңбыр жауады; тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің алдағы үш күнгі ауа райын Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайды, ол батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқырап, шаңды дауыл соғуы мүмкін, – делінген синоптиктердің хабарламасында.