Әртүрлі

Алдағы күндері найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін

Синоптиктер алдағы үш күнге, 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Мәселен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, бұршақ жауады. Ал елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар (жылбысқы қар) аралас жаңбыр жаууы ықтимал. 

Республиканың орталығында ауа температурасы түнде +2...+10 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізгі фон +13...+21 градусты көрсетеді. Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +3... +11 градус, күндіз - +10...+18 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде +8...+13 градусқа дейін, таулы аймақтарда -2...+3 градусқа дейін күн суытып, күндіз ауа температурасы +15 +25 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда термометр бағаны +5...+10 градусты көрсетеді. 

-->

20-21 қыркүйекте батыс антициклонының екпінінің әсерінен республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Мамандар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжады. Бұдан бөлек еліміздің батыс облыстарында ауа температурасы түнде +5...+18 градус, күндіз +18...+28 градустан +20...+31 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде ауа температурасы +3...+11 градусқа дейін төмендейді. Топырақ бетінде +1 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +13...+25 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, - деп жазылған дүйсенбі күнгі хабарламада. 