Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде жауын шашын болады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен құбылмалы ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанды. 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Синоптиктер температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтты.
Айта кетейік, бүгін үш мегаполисте де жаңбыр жауатыны хабарланды.