Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде аяз сақталып, оңтүстік аймақтарда 15 градусқа дейін жылы болады, деп күтіліп отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері Қазақстан тұрғындары тұрғылықты жері бойынша климаттың күрт өзгеруін сезінеді
Елдің солтүстік аймақтарына антициклон әсер етіп, суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз аязды күн райы сақталады.
Алайда оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етіп, нәтижесінде күндіз ауа температурасы біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтеріледі.