Әртүрлі

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Елімізде алдағы үш күнде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлады Elordainfo.kz  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал Ақмола облысында, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батысында аздаған қар жауып, боран соғауы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, метеорологтардың мәліметінше, елімізде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Түнде батыста 10...15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 17...25 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 17...28 градусқа дейін, шығыста 18...35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.