Әртүрлі

Алдағы күндерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК 29-31 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

«Температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде + 10...+16 °С-тан +5...+10°С-ке дейін, күндіз + 20...+ 25 °С, оңтүстікте +28°С-тан +18°С дейін. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз +22-ден жылы ауа райы күтіледі. Еліміздің басқа өңірлерінде температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.