Әртүрлі

Алдағы күндерде күн суытып, бұршақ жаууы мүмкін

Елімізде 22-24 тамыз аралығында күн суытып, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Республика бойынша қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +18...+24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Айта кетейік, синоптиктер Астанада апта бойы жаңбыр жауып, ал Шымкентте аптап ыстық сақталады деп болжады. 

-->