Алдағы күндерде боран соғуы мүмкін
Синоптиктер алдағы үш күн, яғни 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Каспий теңізі циклоны жүреді. Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 22 қарашада батыс аймақтар мен солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. Синоптиктер республика бойынша 15-28 м/с-ке дейін жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болуы ықтимал. Қазақстанның батысында ауа температурасы -2...-12 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Ал республиканың шығысында түнде ауа температурасы -8...-13 градустан 0...-5 градусқа дейін өзгеруі мүмкін. Мамандар Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс жоғын болжады.
-->Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Каспий теңізі циклоны жүреді. Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 22 қарашада батыс аймақтар мен солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. Синоптиктер республика бойынша 15-28 м/с-ке дейін жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болуы ықтимал. Қазақстанның батысында ауа температурасы -2...-12 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Ал республиканың шығысында түнде ауа температурасы -8...-13 градустан 0...-5 градусқа дейін өзгеруі мүмкін. Мамандар Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс жоғын болжады.