Алдағы екі-үш күнде 46 градус ыстық болады
Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамында бірнеше өңірде аптап ыстық болатынын айтты, – деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз аптап ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болуы мүмкін. Шығыста +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.
8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы +22+30°С-қа дейін төмендейді.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанды. Алайда еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады.
-->«Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз аптап ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болуы мүмкін. Шығыста +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.