Алаяқтық жолмен 450 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды
«Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін ҚМА астаналық департаменті әшкереледі, деп хабарлады Elorda.info Қаржы мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы елордалықтарға алты айда пәтер алып беруге уәде еткен.
Осылайша, аталған азамат жәбірленушілерге жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген деген күдікке ілінді.. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қаржы мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.
-->Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы елордалықтарға алты айда пәтер алып беруге уәде еткен.
Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан. Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін деп көрсетілген. Алайда, салымшылар уәде еткен пәтерлерін ала алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған, - деп жазылған хабарламада.