Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек
Бас прокуратура алаяқтықтан қорғанудың жолдарын түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Прокуратураның міндеттерінің бірі – заңның сақталуын қадағалау ғана емес, азаматтарға өздерін қорғауға көмектесу.
Соның ішінде қарапайым адамдар маңдай ақы, табан терімен тапқан ақшаларын қуларға жем қылмауы үшін не істей алады?
Әуелі статистикаға көз жүгіртейік...
2024 жылы интернет - алаяқтықтың 22 870 жағдайы тіркелді, ал 2025 жылдың 5 айында - 10 145.
Қай өңірлерде жиі алдайды?: Астана 2025 жылдың 5 айында 1548 жағдаймен көшбастап тұр, бұдан әрі Алматы қ. (1114), Қарағанды облысы (868), Павлодар облысы(861), Ақмола облысы (792).
Барлығы 2025 жылдың 5 айында алаяқтардан 17 909 адам зардап шекті, олардың ішінде 1131 зейнеткер мен 50 кәмелетке толмағандар.
Ағымдағы жылдың 5 айында алаяқтар интернеттегі жалған хабарландыруларды (2104) және «банк қызметкерлерінен» (2118) қоңырауларды жиі қолданды.
Тағы бір түрі – «инвестициялық» алаяқтық, онда адамдар жинақтарын жоғалтады, кейде қарызға батады.
Алаяқтарды ұстау және іздеу оңай емес, өйткені олар көбінесе шетелде отырады, бірақ біз кінәлілерді жауапқа тарту үшін халықаралық серіктестермен жұмысты күшейтудеміз.
Неліктен алаяқтық өркендеуде?
Интернет әр үйге еніп, онымен бірге жаңа тәуекелдер пайда болды. Көп адам ақпаратты тексермей, бейтаныс адамдарға сенеді: зейнеткерлердің тең жартысы осындай қуларға жартысы алданады. Прокуратура органдары Қазақстанның және басқа елдердің құқық қорғау органдарымен іс-қимылды үйлестіреді, бірақ алаяқтыққа қарсы басты қару- сіздің қырағылығыңыз.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Біз сергек болуға шақырамыз. Көмектесетін ұсынымдар:
1. «Бейтаныс адамдарға сенбеңіз». Олар «банктен» қоңырау шалып, кодты немесе карта деректерін талап ете ме? Бұл алаяқтар. Телефонды қойып, ресми сайттан көрсетілген нөмірге банкке қайта қоңырау шалыңыз;
2. «Онлайн мәмілелерді тексеріңіз». Интернеттен сатып аласыз ба? Сайттың қауіпсіз («https://» мекен-жайынан) және сатушы нақты екеніне көз жеткізіңіз. Тым төмен баға – дабыл белгісі;
3. «Инвестициядан» сақ болыңыз. Жылдам табыс уәде етілген бе? Компанияны ҚР Ұлттық Банкі арқылы тексеріңіз. Лицензиясы болмаса– бұл алдау;
4. «Алдын ала төлемеңіз». Хабарландыру сайттарында тауарды алғаннан кейін төлем жасауға немесе кездесуге келіссөздер жүргізіңіз;
5. «Деректерді қорғау». Құжаттардың суретін бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз;
6. «Бірден хабарлаңыз». Егер сіз алданып қалсаңыз, шотты бұғаттау үшін дереу банкке хабарласыңыз және полицияға арыз беріңіз. Уақыт – сіздің одақтасыңыз.