Алаяқтар МКК басшылығының атынан жалған хабарлама таратып жатыр
Мемлекеттік кірістер комитеті мекеме басшылығы атынан жалған алаяқтық хабарламалар жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жібереді.
-->Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жібереді.
«Осыған байланысты, ҚМ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді»,- деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.