Ақтөбе облысында жол апатынан 8 шетелдік қаза тапты
Жол апаты Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында орын алды. Volvo жүк көлігі мен Toyota-Аlhpard минивені соқтығысып, 7 жолаушы мерт болды, деп хабарлады Elorda.info.
Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған. Соның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, жолдағы көлікке соғылған.
-->Жол апаты Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында орын алды. Volvo жүк көлігі мен Toyota-Аlhpard минивені соқтығысып, 7 жолаушы мерт болды, деп хабарлады Elorda.info.
Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған. Соның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, жолдағы көлікке соғылған.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді ҚР ІІМ.