Әртүрлі

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында орын алған жол апатынан 4 адам мерт болды, деп хабарлады Elorda.info.

​Жол апаты «Ақтөбе-Орск» автожолында болған.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлік құралының аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.

​Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

-->

​Аталған автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды тасымалдауды ресми түрде жүзеге асырғаны және жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды. Алайда, жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген», - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

​Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.