Ақтауда есірткімен ұсталған полиция полковнигінің ұлына қатысты қылмыстық іс қайта қаралады
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Elorda.info mangystaumedia-ға сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алқабилердің үкімі негізінде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айып бойынша сотталушы А. ақталған болатын.
«Апелляциялық сот алқасының шешімімен Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық іс материалдарын зерделей келе, А.-ға қатысты соттың ақтау үкімін бұзып, істі жаңадан қарауға жіберді. Оған Алқабилер үкім шығарған және оларға қойылған сұрақтарды тұжырымдаған кездегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтар негіз болды», деді облыстық соттың баспасөз қызметі.
-->Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алқабилердің үкімі негізінде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айып бойынша сотталушы А. ақталған болатын.