«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Брифингте Астана қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, елорда әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, «Центр Элит» ЖШС басшысы Сәния Ирсалиева, Астана қаласы әкімінің аппаратының бас инспекторы – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық политика жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлыгаш Саркенова, Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі, «DAS Media» директоры Ақмарал Дүйсембаева болды.
Алтыншы рет өткізіліп отырған «Қайырымдылық керуені» байқауы игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «КТК» телеарнасы жүзеге асырады. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Байқауға кәсіпкерлік субъектілері, қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен байланысты адамдар қатыса алмайды.
Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады. Оның ішінде «Асар» номинациясы – халықтық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған қайырымдылық қызметті атқаратын жандарға табысталады. «Туған жер» номинациясы – білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көрсеткен лауреатқа табысталады. «Батыл жүрек» номинациясы – ерлік пен қайсарлық танытқан адамдарға беріледі. Бұл номинация шеңберінде шұғыл қызмет қызметкерлерінің арасында ең үздіктерге қосымша жеңімпаз атағы берілуі мүмкін. «Мейірім жолында» номинациясы – белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға беріледі.
«Қайырымдылық тарихы» номинациясы – қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі.