Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттеді
23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталған. Осы оқиғаға байланысты Air Astana мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
-->Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады, - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.