Әртүрлі

Аида Балаева: «Qazaq radiosy» ел халқының 91%-дан астамын қамтиды

Бүгін елімізде төртінші рет радио қызметкерлері күні аталып өтілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Төрт жыл бұрын, Қазақ радиосының 100 жылдығына орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялады. Бүгінгі күннің символизмі дәл осы күні 103 жыл бұрын біздің елімізде алғаш рет радиоэфирі өтті. Осы жылдар ішінде радио әрдайым сенімді және жедел ақпарат көзі болды, әсіресе жолда жүргендер үшін. Радионың біздің мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттауға, сондай-ақ қоғамымыздың дамуына қосқан үлесі шынымен де баға жетпес», - деп жазды Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мәдениет және ақпарат министрінің айтуынша, бүгінгі таңда жаңа цифрлық технологиялар мен интернеттің дамуына қарамастан, радио еліміздің ақпараттық саласында ерекше орын алады.

«Министрлік мемлекеттік радиостанцияларды таратуды кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда. Мұнда шекара маңындағы аудандарға ерекше назар аударылады.«Qazaq radiosy» ел халқының 91%-дан астамын қамтиды. Сонымен қатар, биыл  Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының шекаралас аудандарында және Абай және Жетісу облыстарында 120 радио таратқышты пайдалануға беру жоспарлануда. Мәдениет және ақпарат министрлігі сенімді және жедел жаңалықтардың көзі ретінде еліміздің әрбір азаматының өмірінде радионы сақтау үшін әрдайым бар күш-жігерін салатын болады», - деді министр.

Сондай-ақ министр радио қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Барлық радио қызметкерлеріне, барлық әріптестеріме шығармашылық табыс, сарқылмас еңбекқорлық және өз мамандығымда жаңа биіктер тілеймін!», - деді Аида Балаева.