Әртүрлі

Аида Балаева халыққа маңызды үндеу жасады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында халыққа маңызды үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», - деп жазды Аида Балаева.

Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды.