Әртүрлі

Абай облысында қар құрсауында қалған екі көлік құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысында қар құрсауында қалған екі көлік құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Абай облысының Мақаншы ауданында тасжолда қар құрсауында 6 адам мінген екі жеңіл көлік тұрып қалған.

- ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен оларға жетіп, адамдарды Мақаншы ауылына алып барды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, - делінген хабарламада.

Мамандар ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.