Әртүрлі

Абаттандыру жұмыстарын сапасыз орындаған шымкенттік кәсіпкер 56 млн теңгені бюджетке қайтарды

Шымкентте әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыруға тапсырыс алып, жұмысын сапасыз істеген кәсіпкер мемлекеттік бюджетке қомақты қаржыны қайтарды, деп хабарлады Elorda.info.

Қала прокуратурасының араласуымен 56 млн теңгеден астам қаржы мемлекетке қайтарылған.

-->

«Шымкент қалалық экономикалық сотының шешімімен мемлекеттік мекемеге шарттық міндеттемелерін орындамаған ЖШС-тен бюджет қаражатын өндіріп алудан бас тартылған. Алайда, прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешім қабылдады», - деді Шымкент қаласының прокуратурасы.