Әртүрлі

Абай облысында өрт қайта өршіді ме?

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы орман өрті қайта өршіді деген ақпарат тарады, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Абай облысы Шүлбі кентінің маңындағы қою түтінге қатысты жауап берді.

Оның айтуынша, өрттің оқшаулануы – бұл өртті сөндіру сатысы. Осы кезде елді мекендерге қауіп төнбейді, өрттің таралуы тоқтатылады және қолда бар күштер мен құралдар оны толықтай сөндіруге жұмылдырылады. «Семей орманы» табиғи резерваты аумағында табиғи өрт толық өшірілгенге дейін тұрақты түрде аэровизуалды бақылау жүргізілуде.

-->

Видео Шүлбі кентінің маңында түсірілген. Бұл жаңадан шыққан өрт емес. Оқшауланған өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайды ескере отырып, күштер мен құралдар қайта топтастырылған. Төтенше жағдайлар министрі сол жақта жүр. Жағдай толығымен бақылауда, - деді министрлік өкілі.