Әртүрлі

160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға қайтарылды

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында ақ тот жұқтырған хризантеманы анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген.

Алынған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді.

Экспертиза нәтижелері анықталған объект қауіпті карантинге жататынын растады.

Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды.

Карантинге жататын объекттің таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды.