Ақтауда синтетикалық есірткі сатқан адам ұсталды
Ақтауда полицейлер синтетикалық есірткі сатқан ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жедел іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған. Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын «мефедрон» синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды.
Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.