Әртүрлі

Ақтауда лицензиясы тоқтатылған кәсіпкер алкоголь сатуды жалғастырған

Былтыр қараша айында Ақтау қаласының мамандандырылған соты кәсіпкерге қатысты қозғалған істі әкімшілік құқық бұзушылық болмағаны үшін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алайда прокурорлар тексеру кезінде 2024 жылдың қыркүйегінде сот кәсіпкердің лицензиясын бір айға тоқтатқандығын анықтады. Демек, осы мерзім ішінде оның алкоголь өнімін сақтауға және сатуға құқығы болмаған. Осыған қарамастан кәсіпкер дүкенінде алкоголь сақтауды жалғастырған.

Сол себепті Маңғыстау облыстық сотының қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынды.