Әртүрлі

Ақтауда 646 млн теңгеге бағаланған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Ақтау қаласының әкімдігі Жер кодексінің талаптарын бұзып, 3 жер учаскесін заңсыз бергенін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Заңсыз берілген жердің кадастрлық құны - 646,1 млн теңге.

«Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сот шешімі заңды күшіне енді.