Ақтау тұрғынын тонаған ер адам Мәскеуде ұсталды
Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен адамды тонап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2018 жылы қаскүнем Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен.
Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр, - делінген ІІМ хабарламасында.