Әртүрлі

Ақтау әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертеңіне жұмыстан кетті

Ақтау әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейінгі екінші күні жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі Әсет Шопановтың лауазымынан өз еркімен кеткенін хабарлады.

«Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол жұмыстан шықты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған еді.