Ақтөбелік зейнеткер екі жыл бойы алаяқтарға ақша аударған
67 жастағы ақтөбелік зейнеткер желідегі жарнамаға алданып, екі жыл бойы туыстарынан жасырын түрде алаяқтарға ақша жіберіп отырған, деп хабарлады Elordainfo.kz «Диапазон» порталына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің дерегіне сенсек, ұлттық мұнай компаниясына ақша салу ұсынылып, қазақстандықтарға мұнай мен газды сатудан жылдам пайда табуға уәде берілген.
Зейнеткер туыстарына ескертпестен банктерден екі жылға несие алып, ақыры алаяқтардың қолына 2,5 миллион теңгеден астам ақша аударған.
«Мұндай жарнамалар шындыққа жанаспайтын және тексерілмеген ақпараттан тұрады. Біз азаматтарды абай болуға және тек ресми сайттарға сенуге шақырамыз», – деп ескертеді полицейлер.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілер іздестіріліп жатыр.