Ақтөбеде адасып кеткен малшы аман табылды
Ақтөбеде ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға шығып, адасып кеткен 1959 жылы туған ер адам аман-есен табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерде құтқарушылар боран салдарынан бағдарынан айырылған адамды тапты.
ТЖМ ауа-райы қолайсыз болған жағдайда елді мекендерден шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады.