Әртүрлі

Ақтөбе облысында депутаттар мен құрылыс бөлімінің басшысына қатысты тергеу аяқталды

Антикор Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында қомақты қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген лауазымды тұлғаларға қатысты істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

«Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді. Күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. Бұдан басқа, тергеу шеңберінде 359 млн теңге материалдық залал өз еркімен ішінара өтелді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.