Әртүрлі

Ақтөбе облысында 400 бума шөп жанып кетті

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында шаруа қожалықтардың бірінің аумағында 400 бума шөп жанып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 200 шаршы метр алаңға жайылған. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің шығу себебін анықтауда.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.