АҚШ азаматтығын қабылдаған павлодарлық айыппұл төледі
Қазақстанда қос азаматтыққа заң жүзінде тыйым салынған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ертіс-Баян өңірінде 1 387 адамға қатысты ҚР азаматтығынан айыру тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, оның 1 362-сі өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағанын дербес түрде хабарлаған.
Мысалы, полицейлер көрші мемлекеттің азаматтығы бар 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. Материал сотта қаралып, оның шешімі бойынша Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сот азаматтың Қазақстан аумағына кіруіне 5 жылға тыйым салды, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.
Тағы бір жағдайда ер адам АҚШ азаматтығын қабылдап, ол туралы тиісті органдарға хабарламаған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, шамамен 800 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл салды.