Әртүрлі

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады

Бүгін таңертең Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 адам мінген жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ТЖМ қызметкерлері құтқарылғандарды Щучинск қаласының жылыту пунктіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

«Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, сіздерге рақмет», - делінген хабарламада.