Ақмола облысында анасына қол көтерген азамат жауапқа тартылды
Ақмола облыстық соты анасына қол көтерген 58 жастағы азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еш жерде жұмыс істемейтін азамат анасымен жанжалдасып, кейуананы итеріп жіберген. Әйел ұлына қатысты шара қолдану үшін полицияға арыз түсірді.
Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.
«Сот-медициналық сараптамаға қарағанда әйелдің оң қолы көгерген. Жаза тағайындауда сотталушының кінәсін мойындауы, тұрақты жұмысы мен табысының жоқтығы ескерілді. Сот үкімімен 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады», - деп көрсетті облыстық соттың баспасөз қызметі.