Ақмола облысында 90 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды
Ақмола облысында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 47 адамды алдағыны үшін іздеуде жүрген азаматты ұстады.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана мен Ақмол ауданының тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн. теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды. Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.