Әртүрлі

Ақмола облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті

Ақмола облысы Аршалы ауданының Красное озеро ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөп өртеніп кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертті.