Әртүрлі

110 тонна гуманитарлық көмек Ұлттық ұлан авиациясымен жеткізілді

Ішкі істер министрлігінің  жауынгерлері су тасқыны болған аймақтардан 1600 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Ұлттық ұланы академиясының 400 курсанты және «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінің 200-ге жуық сарбазы тартылды.

-->

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4870 жеке тұрғын үй мен 1264 аула аумағы су астында қалып отыр. Бүгінде 9,3 млн м3 астам су арнайы құралдармен сорылды, 1,9 млн қапшыққа 1,2 млн тонна инертті материал толтырылды және тиісті жерге төселді. Су басқан 103 тас жол, су шайып кеткен 109 тас жол, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда. Зардап шеккен өңірлерге 1400 тонна гуманитарлық көмек оның ішінде 110 тонна Ұлттық ұлан авиациясымен жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Ұлттық ұланы академиясының 400 курсанты және «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінің 200-ге жуық сарбазы тартылды.