900 млн теңгеге бағаланған «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды
Қарағандыда прокурорлық тексеріс нәтижесінде, құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
Негізгі міндеттер заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады.
-->2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
Негізгі міндеттер заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
«Сондай-ақ, прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр», - деп көрсетті Қарағанды облысының прокуратурасы.