8-9 маусымда Астана Халықаралық форумы өтеді
Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында. 8-9 маусым күндері осындай тақырыппен Астана халықаралық форумы өтеді, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жиында сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика, климат, экономика және қаржы мәселесі талқыланады. Форумға шетелден 1000-нан астам қонақ келеді. Бағдарлама аясында 40-тан астам панельдік сессия және бейресми пікірталас жиындары өтеді.

Форумда маңызды тақырыптар талқыланады. Климаттың өзгеруі, экономика – әлемді алаңдатып отырған басты мәселе. Ал бұларды ашық талқылауға Қазақстан қазір алтын көпір іспетті. Халықаралық сарапшылардың бір алаңда диалог орната алуы нәтижелі жұмыс дер едім, - деді Еуразиядағы BBC Global News коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.