5 облыста азық-түлік арзандады
Еліміздің бес өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, деп хабарлады Elorda.info ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25% - ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілді. Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% - ға арзандатылды. Қазір қарақұмықтың 3 кг қаптамасы 1450 теңгеден сатылады.
ШҚО-да ҚМА аумақтық Департаментінің бастамасымен білім беру мекемелерінде алдағы жылға қарақұмық пен қантты сатып алу бағасы қайта қаралды. Орташа алғанда, өнімдердің құны 30% - ға төмендеді. Мысалы қарақұмық 625-тен 420 теңгеге, ал қант 536-дан 435 теңгеге арзандады.
Сондай-ақ, Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға сауда үстемесін бірнеше рет асырғаны үшін екі көтерме жеткізуші жауапқа тартылды. Нәтижесінде бағалар шамамен 15% - ға төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек.
-->Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25% - ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілді. Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% - ға арзандатылды. Қазір қарақұмықтың 3 кг қаптамасы 1450 теңгеден сатылады.