Әртүрлі

5 мыңнан астам сарбаздың несиесі кейінге қалдырылды

Мерзімді қызмет сарбаздарына кредиттік демалыс беру шаралары іске асырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгінде 1,4 млрд теңге сомасына 8 800 қарыз және микрокредит бойынша 5 мыңнан аса сарбаздың несиелік төлемдері кейінге қалдырылған.

Екіншіден, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында қажет әскери-есепке алынатын мамандықтар бойынша сарбаздарды дайындайды. Оларға мемлекеттік үлгідегі куәліктер бере беріледі.

Үшіншіден, Қорғаныс министрлігімен 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері борышын өтеген сарбаздарға білім беру секторында қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойды.

Қорғаныс ведомствосының өкілі әскерге шақырылушыларға 1414 бірыңғай байланыс орталығының желісі бойынша SMS-хабарламалардың, не үйінің және қызмет орнының мекенжайларына жеке шақыру қағаздарының көмегімен жеткізетінін хабарлады.

Сонымен қатар ол өңірлерде қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің жанында «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің сенім телефондары жұмыс істейтінін еске салды. Жүзбе-жүз кездесуден басқа, электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы кеңес ала алуға болатындығын атап өтті. .

-->

Азаматтарды ақылы жәрдем көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырысудан сақтандырғым келеді. Шақыруды кейінге қалдыру және одан босату жөніндегі мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы автоматты түрде көрсетілетін болады, - деді Бауыржан Артықов.