Әртүрлі

5G желісі биыл іске қосылады – министр

5G желісі биыл іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

5G желісі биыл іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Осы жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстын жаңа буыны 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды. 5G интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Бағдат Мусин.