350 мың доллар: Елордада лауазымды тұлғаларға пара бермек болған азамат сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара бермек болған азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді - дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
-->Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.