Әртүрлі

Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін экспортқа шығаруға тыйым салынады

Биылдан бастап елімізде өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана телеарнасының жазуынша, еліміз жыл сайын шетелге 20-25 мың тонна балық эспорттайды. Оның 55% -өңделмеген балық. Ал, министрлік өңделмеген балықты эспортқа шығаруға тыйым салып отыр.

Кәсіпкерлер министрліктің бұл пікірін қолдап отыр. Себебі, шикізат тапшы.

Ал, табиғатты қорғау прокурорлары заң күшейгенмен, қылмысқа тоқтау болмай тұр дейді. Мәселен, бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін атыраулық тұрғыннан мемлекетке келтірілген 130 млн теңге залал өндіріліп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған.

Айта кетейік, балық заңсыз айналымы үшін қылмыстық жаза қатаңдатылды. Енді табиғатқа келтірілген залал оны заңсыз аулағандар ғана емес, иемденіп, тасымалдап, сақтағандар үшін де қойылады.

-->

Балық өңдейтін зауыттардың ішкі нарықтағы жағдайын жақсарту мақсатында, сонымен қатар ішкі нарықтағы бағамдық бағаны төмендету мақсатында осы шектеулер енгізуде. Жайын және африкалық жайыннан бөлек көксерке балығының осы 6 ай мерзімге шектеу ұсынып отыр, - деді АШМ Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Ерасыл Суықбаев.

Кәсіпкерлер министрліктің бұл пікірін қолдап отыр. Себебі, шикізат тапшы.

Ең басты проблема- ол балықтың жетіспеушілігі, балық шикізатының жетіспеушілігі. Себебі біздер экспорттағанда өңдеп жібереміз. Сол өңдегенде көбіне кептірілген балықтар немесе балықтың кесілген балықтар ол филе түрінде, - деді кәсіпкер Саламат Омаров.

Ал, табиғатты қорғау прокурорлары заң күшейгенмен, қылмысқа тоқтау болмай тұр дейді. Мәселен, бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін атыраулық тұрғыннан мемлекетке келтірілген 130 млн теңге залал өндіріліп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған.

93 адам сотталды. Оның ішінде 26-сы нақты бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды. Жалпы азаматтардың құқық бұзушылықтар әрекетінен мемлекеттке 1,2 миллиард теңге залал келтірілді, - деді облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Еркебұлан Ермеков.