Жыл сайын өндіріс орындарында 200 жұмысшы қаза табады
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Мемлекеттік аннуитеттік компания «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты, деп хабарлады Elorda.info.
Олардың шеңберінде сақтандырумен 83 122 адам қамтыды.
Бұл ретте жұмыста зардап шеккендердің ең көп саны Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында байқалады.
Республикада өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар: мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері.
2022 жылы МАК қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты, олармен 83 122 адам қамтыды.
Өткен жылы МАК жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 1 069 қызметкерге 855 млн теңге сомасында ай сайынғы аннуитеттік төлемдер жүргізді.
Сонымен қатар 1998 жылы ел жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен сәттен бастап зейнетақы аннуитеттері бағдарламасы жұмыс істейді. Зейнетақы аннуитеті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаражат жинақтауға балама ретінде қызмет етеді. Бағдарламаның мәні азаматтарға зейнетақы жасына дейін басталатын өмір бойғы төлемдерді алу үшін жинақтауды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударуға мүмкіндік беру болып табылады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша МАК жеке тұлғалармен 153 зейнетақы аннуитеттік сақтандыру шартын жасасты.
Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша 1,3 млрд теңге сомасына сақтандыру төлемдері жүргізілді, алушылар 8 108 адам болып табылады.
-->2022 жылдың қорытындысы бойынша «Мемлекеттік аннуитеттік компания «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты, деп хабарлады Elorda.info.
Олардың шеңберінде сақтандырумен 83 122 адам қамтыды.
Қазақстанда жыл сайын өндірісте еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан орта есеппен 1 400 жұмысшы жарақат алып, 200-ге жуық адам қаза табады, - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл ретте жұмыста зардап шеккендердің ең көп саны Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында байқалады.
Республикада өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар: мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері.
2022 жылы МАК қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты, олармен 83 122 адам қамтыды.
Өткен жылы МАК жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 1 069 қызметкерге 855 млн теңге сомасында ай сайынғы аннуитеттік төлемдер жүргізді.
Бұдан басқа 27 адам 3,5 млн теңге сомасына қосымша (медициналық) шығыстарды (500 АЕК – тен 1000 АЕК-ке дейін, жерлеуге арналған біржолғы төлем-100 АЕК) алды, - деп хабарлады министрлік.