Әртүрлі

Қазақстанға жұмыс іздеп келген ресейліктер қатары артып жатыр

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен жұмысшылар ағыны күрт өсті, деп хабарлады Elorda.info.

LS жазуынша, 2022 жылы Қазақстанға Одақтан 76,2 мың адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,8%-ға көп (2021 жылы 44,6 мың адам).

Ең үлкен көрсеткіш Ресей азаматтарына тиесілі – 63,3 мың адам. Бұл 2021 жылы ЕАЭО-дан келген қызметкерлердің жалпы көрсеткішінен 41,9%-ға артық.

Қырғызстаннан 8,8 мың адам жұмысқа орналасты, бұл ресейліктерден 7,2 есе аз.

Армениядан 2,3 мың адам, Белоруссиядан 1,8 мың адам келді.

Еңбек министрлігі ЕАЭО туралы шартқа сәйкес жұмыс берушілер ұлттық еңбек нарығын (квоталарды) қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, Одақтан еңбекшілерді тарта алатынын еске салды. Бұл елдердің азаматтарына үшінші елдердің өкілдері сияқты жұмысқа орналасатын елде жұмыс істеуге рұқсат алудың қажеті жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда ресми түрде 13,5 мың шетелдік жұмыс істейді. 2023 жылғы 1 ақпанда басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 мың рұқсат (екінші санат), мамандар үшін 7,4 мың, білікті жұмысшылар үшін 883, маусымдық жұмыстар үшін 217, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1,4 мың рұқсат алынды.

-->